banner

Жаңалықтар

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

news

06 мамыр 2025

Бүгін www.nis.edu.kz ресми сайтында 2025–2026 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша өткізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері жарияланды.

NIS-тегі конкурстық іріктеу жүйесі ашықтық, әділдік және академиялық адалдық қағидаттарына негізделген. Бұл жүйенің халықаралық жоғары стандарттарға сай келетіні осы ұстанымдар арқылы дәлелденіп келеді. Жыл сайын үміткерлер санының артуы – оқушылар мен ата-аналардың Зияткерлік мектептерге деген сенімі мен қызығушылығының айқын көрінісі.

Биылғы іріктеуге еліміздің барлық өңірінен 29 774 оқушы қатысты. Өңірлерге байланысты бір орынға 5-тен 18 үміткерге дейін бақ сынады деген сөз.

2025–2026 оқу жылына республикалық бюджет есебінен 2 664 грант бөлінді.

Кешенді тестілеу нәтижелері келесі сілтемеде: https://www.nis.edu.kz/kk/page/2025-2026-oqu-zyly

Грант иегерлерінің тізімі 15 күн ішінде жарияланады.