
Жаңалықтар
Қазақстан тарихы мен құқық негіздері пәндерінен өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті

18 сәуір 2025
Қызылорда қаласында Қазақстан тарихы мен құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бұл зияткерлік сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам дарынды оқушы қатысты.
Олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Түркістан қаласындағы NIS оқушысы Мансұр Тұрарбек құқық негіздері пәні бойынша І орынды иеленсе, елордалық физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Әдия Әбдікәрім осы пәннен ІІ орынға ие болды.
Қазақстан тарихы пәнінен де NIS оқушылары үздік нәтижеге қол жеткізді. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Даниял Айдаров пен Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Мағжан Жанатұлы ІІІ орынды еншіледі.