
Жаңалықтар
АҚШ-та өткен робототехникадан әлем чемпионатында NIS командалары үздік атанды

21 сәуір 2025
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары беделді FIRST Championship чемпионатында Motivate Award номинациясы бойынша І орын және Finalist Award жүлдесін жеңіп алып, Franklin дивизионының финалына шықты.
Алматылық PID құрамасы Қазақстан тарихында алғашқы болып Franklin дивизионына жолдама алды. FTC (FIRST Tech Challenge) санатында қазақстандық алты команда елдің намысын қорғап, нәтижесінде PID әлемдік аренада үздіктердің қатарынан көрінді.
Ал Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Cristabol командасы аталмыш чемпионатта Inspire Award аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл марапат жоғары инженерлік дайындықтары мен ерекше жетістіктерімен басқаларды шабыттандыратын командаларға беріледі.
Хьюстон төрінде өткен FIRST Championship 110 елден 1000-нан астам команда мен 50 000 қатысушыны біріктірді.