banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Қазақстан аймақтарының экожүйесін зерттеді

news

17 сәуір 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде география пәні «Менің Отаным» жобасымен интеграциялануда. Ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында іске қосылған оқытудың жаңа әдісі оқушылардың туған өлкесінің табиғи және мәдени ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылығын дамытуға бағытталған. Болашақта бұл компонент тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.
Алматыдағы NIS оқушылары мен мұғалімдері екі күн бойы Қапшағай, Көлсай, Қайыңды және Іле-Алатау ұлттық парктерінің экожүйесін, сондай-ақ өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін зерттеді. Ақтөбедегі NIS оқушылары су ресурстары, өндірістік аймақтар мен тұрғын үй кешендері қатар орналасқан Қарғалы ауданын назарға алды. Орал қаласында «Хан-Тоғай» табиғи кешенінде жобалық іс-шаралар өткізілді. Астаналық NIS оқушылары Есіл өзенінің жағалауында, Ботаникалық бақта, қалалық су қоймаларында және қала маңындағы аудандарда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талдықорған, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында табиғат ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеуге, сондай-ақ тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жұмыстың нәтижесінде жас зерттеушілер жеке жобалар дайындап, оның қорытындысы бойынша бағаланады.
Оқытудың бұл әдісі оқушыларға география пәні бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, ғылыми әдістерді меңгеруге, далалық деректермен жұмыс істеуге, экологиялық жағдайды талдауға және өз аймағының табиғаты мен мәдениетіне саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-