banner

Жаңалықтар

NIS-те Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

news

16 мамыр 2025

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Назарбаев Университетінің президенті Вакар Ахмад, «Назарбаев қоры» басқарма төрағасы Аслан Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинова, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысты. 

Кеңес мүшелері NIS экожүйесінің дамуы жөніндегі стратегиялық бағыттар мен негізгі міндеттерді қарастырды. Алға қойылған басымдықтар қатарында білім беру моделін жетілдіру, озық тәжірибелерді республика көлемінде кеңінен таратуды жалғастыру, сондай-ақ басқару мен ұйымдастыру үрдісінің тиімділігін арттыру бағыттары бар.

Қабылданған шешімдер Зияткерлік мектептердің тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де білім беру стандартына ықпал ететін алдыңғы қатарлы платформа ретіндегі позициясын күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ отырыс аясында Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қарасты NIS Білім беру бағдарламалары орталығы, NIS Педагогикалық өлшеулер орталығы, NIS Педагогикалық шеберлік орталығы, орта білім берудегі цифрлық өнімдер әзірлейтін BeyimTech компаниясы, балалардың әл-ауқаты және тәрбие жұмысы бөлімдері мен Түлектер қауымдастығы өздерінің негізгі жобалары мен қызмет бағыттарын таныстырды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-