banner

Жаңалықтар

NIS сертификатын мойындаған шетелдік университеттердің саны 70-ке жетті

news

18 сәуір 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Coventry University Қазақстандағы филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді NIS-тің 12-сынып түлектері Астанадағы Coventry University-дің бакалавриат бағдарламасына қосымша қабылдау емтихандарынсыз түсе алады.
Осылайша, Coventry University NIS-тің 12-сынып сертификатын ресми түрде мойындаған 70-ші шетелдік жоғары оқу орны атанды. Университет сондай-ақ NIS-пен бірлесіп кәсіби бағдар беру шараларын өткізіп, академиялық жобаларды жүргізуге ниетті.
Coventry University – Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Әлемде студенттердің жоғары тәжірибесімен, түлектерінің еңбек нарығындағы табыстылығымен әрі заманауи оқыту тәсілдерімен танымал. Университет инженерия, бизнес, дизайн, ақпараттық технологиялар және денсаулық сақтау салаларында мамандар даярлайды. Қазіргі таңда оның кампустары мен серіктестік орталықтары Еуропа мен Азияда, енді Қазақстанда да жұмыс істейді.
Бүгінде NIS-тің 12-сынып сертификаты Қазақстанның 24 және шетелдің 70 университетінде мойындалған.