
Жаңалықтар
NIS қызметкерлері «Ұлттық кітап» байқауында марапатқа ие болды

25 сәуір 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күні аясында алғаш рет республикалық «Ұлттық кітап» байқауы өтті. Аталған байқауда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері жүлделі үшінші орынды иеленді.
Айсулу Алмасбаева мен Анар Оспанованың «Қазақ халқы күйлерінің аңыздары» атты жұмысы «Ең үздік комикс» номинациясы бойынша марапатталып, фольклорлық сюжетті ерекше әрі креативті түрде жеткізгені үшін қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Бұл жұмыс жас ұрпақ арасында қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға елеулі үлес қосып, отандық кітап графикасы мен білім беру басылымдарының дамуына маңызды қадам болып саналады.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 120-дан астам өтінім түсті. Жеңімпаздарды балаларға арналған, көркем және білім беру әдебиеті сияқты тоғыз номинация бойынша анықтады.