
Жаңалықтар
NIS оқушылары республикалық тілдер олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

25 сәуір 2025
Көкшетау қаласында ағылшын, француз және неміс тілдері бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен ең үздік оқушылар қатысты.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, мектеп қоржынына үш күміс және үш қола медаль қосты.
Ағылшын тілі пәні бойынша екінші орынға ие болғандар – Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы Әнел Жолманова, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сәкен Зыңғар және Орал қаласындағы NIS оқушысы Ануар Серік. Осы бағыт бойынша үшінші орынды Орал қаласындағы NIS оқушысы Нұрымхан Беркін жеңіп алды.
Неміс тілі пәнінен үшінші орын иегерлері – Астана қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Омар Ыбырай және Орал қаласындағы NIS оқушысы Құбайдуллаев Әбілмансұр.