
Жаңалықтар
XIV NIS Conference 2025 конференциясына тіркеу ашылды

15 сәуір 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл конференциясы білім саласындағы жетекші педагогтер мен зерттеушілерді, оқу бағдарламалары авторлары мен инновациялық білім беру ұйымдарының өкілдерін әлемнің түкпір-түкпірінен бір арнаға тоғыстырады.
Педагог мамандарды конференцияда не күтеді:
📗 Мектептің болашағы туралы өзекті пікірталастар;
📗 Білім беру ортасын өзгертіп жүрген практиктерден шеберлік сабақтары;
📗 Өз зерттеуіңізді ұсыну және кәсіби мамандардан кері байланыс алу мүмкіндігі;
📗 Әртүрлі елдерден келген әріптестермен танысу, кәсіби байланыс орнату.
📍 XIV NIS Conference 2025 конференциясы 2025 жылғы 30–31 қазанда Астана қаласында өтеді.
📌 Тіркелу үшін: conf.nis.edu.kz – толық ақпарат сілтемеде.
Ең үздік тәжірибелерден шабыт алыңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз және жаһандық білім беруді дамытуға үлес қосыңыз!