
Жаңалықтар
NIS мұғалімдері «Математикалық регата» олимпиадасында жүлдегер атанды

02 сәуір 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерінен құралған команда Семей қаласында өткен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында үшінші орынды иеленді.
Команда құрамында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS мұғалімі Дидар Әмірұлы, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімі Талғат Қадыров, Семей қаласындағы NIS мұғалімі Ербол Жылқыбаев және Атырау қаласындағы NIS мұғалімі Бекасыл Айғараев болды.
Төрт кезеңнен тұрған сайыста ұстаздар өз білімін, логикалық ойлау мен топпен жұмыс істеу шеберлігін көрсетті.
Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 23 команда қатысты.