
Жаңалықтар
NIS Conference 2025: абстрактілерді қабылдау басталды

08 сәуір 2025
Бүгін «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты халықаралық конференцияға абстрактілерді қабылдау басталды. Конференция 2025 жылы 30–31 қазан күндері Астана қаласында өтеді.
Сіздерді төменде көрсетілген бағыттар бойынша секциялық отырыстарға белсене қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз бен тың идеяларды ортаға салуға шақырамыз:
Болашақтың технологиялары мен білім беру ресурстары
Білім берудегі көшбасшылық және басқару
Мұғалімдерді оқыту және кәсіби даму
Оқу бағдарламалары, пәндік білім және көптілді білім беру
Білім сапасын бағалау және мониторинг
Балалардың тәрбиесі, дамуы және әл-ауқаты
Абстрактілерді https://conf.nis.edu.kz/ сайтында 2025 жылғы 14 шілдеге дейін жолдауға болады.
Халықаралық кәсіби ортада тәжірибе алмасып, білім беру саласының дамуына үлес қосу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!