banner

Жаңалықтар

NIS республикалық олимпиадада тағы да үздік деп танылды

news

28 наурыз 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада сегізінші мәрте «Үздік олимпиадалық команда – 2025» номинациясының жеңімпазы атанды.

Биылғы республикалық олимпиада Ақтау, Астана және Алматы қалаларында өтті. Әр кезеңде жоғары білім деңгейін көрсеткен NIS оқушылары жалпы саны 65 медаль жеңіп алды: 28 алтын, 21 күміс және 16 қола.

Айта кетейік, олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырды.

Фотогалерея

image-
image-