banner

Жаңалықтар

7–8-сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиада қорытындыланды

news

22 мамыр 2025

Астанада 7–8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Қорытынды кезеңге елдің барлық өңірінен 530-дан астам оқушы қатысты. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Жалпы командалық есепте Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Жаратылыстану ғылымдары және математика» бағыты бойынша үшінші орынға, ал «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша екінші орынға ие болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша NIS-тің 14 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Орыс тілі мен әдебиеті:
1-орын – Сабина Жұмабекова – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы

Қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін):
1-орын – Гүлназа Бекметова – Түркістандағы NIS оқушысы
1-орын – Гаухар Абдрахманова – Түркістандағы NIS оқушысы

Қазақ тілі мен әдебиеті:
3-орын – Назерке Бақыт – Көкшетаудағы NIS оқушысы

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін):
3-орын – Дария Сайлаутаева – Қарағандыдағы NIS оқушысы

Ағылшын тілі:
2-орын – Зарина Қасым – Оралдағы NIS оқушысы

Биология:
1-орын – Ильяс Сүйіндіков – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы
3-орын – Айдана Сембай – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы

География:
2-орын – Ерасыл Махсот – Оралдағы NIS оқушысы
2-орын – Ардақ Қабдыр – Павлодардағы NIS оқушысы

Қазақстан тарихы:
2-орын – Зұлқарнай Тоқсан – Оралдағы NIS оқушысы

Математика:
2-орын – Арнұр Карибай – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы

Физика:
2-орын – Сұлтанәлі Рахманқұл – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы
3-орын – Арман Темірболатов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-