banner

Жаңалықтар

NIS оқушыларының стартапы GCIP Қазақстан бизнес-акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады

news

24 желтоқсан 2024

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құрған TabQorTech стартапы Қазақстанда экологиялық таза технологияларды қолдауға және дамытуға бағытталған Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) бағдарламасына қатысты.

Жарты жыл ішінде команда тәжірибелі тәлімгерлермен жұмыс істеп, бизнестің негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі зерттеген. Осылайша өнімді жетілдіріп, бизнес моделін нығайтты.

Стартаптың негізгі мақсаты – Қазақстандағы ормандарды кесу мәселесімен күресу. Команда өсімдік тұқымдарын арнайы капсулаларда себетін инновациялық TQ-Drone жасады. Бұл шешім экологиялық проблемалардың, топырақтың деградациясы мен әртүрлі өсімдіктердің жоғалуын болдырмайды. Сондай-ақ шаруалардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептің талантты оқушылары – Әлихан Дидаров, Сафия Ибраева, Мадияр Хасанов, Асхат Алпысбаев және Ержан Бейсембаевтың командасы TQ-Drone-ды техникалық жағынан жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеп, жобаны әлеуметтік желілер (tabqortech) арқылы танымал етумен айналысуда.

Айта кетейік, GCIP Kazakhstan – экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдайтын Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-