Назарбаев
Зияткерлік
мектептері

Біз отандық және халықаралық үздік тәжірибені үйлестіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейлерде зияткерлік әлеуетті арттыруға ұмтыламыз.

banner

NIS білім беру экожүйесі

Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру бағдарламалары мен технологияларының заманауи үлгілерін әзірлеу, мониторингтеу, зерттеу, талдау, сынақтан өткізу, енгізу және іске асыру алаңы болып табылады

Зияткерлік мектептер

Озық білім беру бағдарламалары, инновациялар және қолайлы орта академиялық шеберлігі, шығармашылық ойлауы және әлеуметтік жауапкершілігі бар көшбасшыларды қалыптастырады.

icon

NIS-Programme

Қазақстандағы алғашқы үштілді білім беру бағдарламасы, Кембриджбен бірлесіп әзірленген. Бағдарлама әлемдік тәжірибелер мен ұлттық құндылықтарды үйлестіріп, A-Level, IB және O-Level бағдарламаларына балама болып табылады.

icon

Педагогтердің кәсіби дамуы

NIS отандық және халықаралық тәжірибе, ресурстар мен әдістемелерді біріктіріп, мұғалімдердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан білім беру жүйесін жетілдіреді.

icon

Бағалау жүйесі

NIS білім сапасын қамтамасыз етуге маңызды рөл атқарады, оқушылар мен педагогтардың білімдері мен құзыреттіліктерін бағалау үшін сенімді және валидті құралдар жасап, білім беру жүйесінің тиімділігін арттырады.

icon

Цифрлық технологиялар

NIS білім беру саласында инновациялық шешімдер енгізіп, цифрлық платформалар мен онлайн-қызметтерді дамыта отырып, озық технологияларды оқу процесіне интеграциялайды.

icon

Тәжірибе алмасу

NIS инновациялық әдістемелерді енгізе отырып, білім беру саласындағы озық тәжірибелермен бөліседі, педагогикалық қауымдастықты дамытуға және Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді.

icon

NIS ресурстары

resource
Оқулықтарды сататын Онлайн-дүкен

NIS education Store онлайн оқулық сату дүкені - сіздің сенімді білім беру серіктесіңіз. Біз білім берудің өзекті стандарттарына сәйкес келетін сапалы оқулықтарды ұсына отырып, оқушыларға арналған оқу материалдарының кең ассортиментін ұсынамыз. Оқуда жетістікке жетуге көмектесетін оқулықтар сізді NIS Education Store дүкенінде күтеді.

resource
CEP Termin

Терминологиялық база пәндік бағыттар бойынша қолданылатын үш тілдегі кілттік терминдерден тұрады.

resource
NIS Lab

«Химия», «Физика» және «Биология» пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған «NIS Lab» виртуалды зертханасы

resource
KZWorld

«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша материалдарды қамтитын сайт

resource
NIS Textbooks

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің электрондық нұсқалары.

resource
Beyim Ustaz

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру платформасы еліміздегі педагогтерді оқытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында әзірленді. Платформа педагогтерді кәсіби дамытуды қамтамасыз ете отырып, өзекті курстарға, семинарлар мен іс-шараларға қатысуды ұсынады.

resource
Педагогикалық білім базасы

Зияткерлік мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына арналған кең ауқымды онлайн платформа, онда Зияткерлік мектептерде оқу процесін ұйымдастыру үшін үздік әзірлемелер мен әдістемелік материалдар орналастырылады және мезгіл-мезгіл жарияланады.

resource
Жүйелік-әдістемелік кешен

Жүйелік-әдістемелік кешен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді.

Сандар мен фактілер

17 884

оқушы (2024–2025 оқу жылы)

1891 / 11%

оқушы ауылдық жерлерден, шағын қалалардан және аудан орталықтарынан

5 985 / 38,4%

оқушы аз қамтылған отбасылардан

2702

Мұғалімдердің жалпы саны

Білім деңгейлері бойынша:
Магистрлер – 43%, оның 12% - ы «Болашақ» бағдарламасы мен НУ түлектері,

PhD, ғылым кандидаты – – 1,04%,

PhD оқиды – 3,4% (83),

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдама - 28

818 (33%) сертификатталған жаттықтырушылар бойынша:

Ағылшын тілі мұғалімдерінің 10% - CELTA, DELTA
70% профильді пән мұғалімдері - CLIL, STEM

20 771

2010–2024 жылдары. Оның ішінде:

5 285 (25, 4%) Назарбаев университетіне түсті

654 QS бойынша әлемнің топ 100 жоғары оқу орнына түсті

4 234 (20,4%) шетелдік жоғары оқу орнына түсті

32 түлек Шырмауық лигасының жоғары оқу орындарына түсті.

220

математика, информатика, бағдарламалау саласындағы авторлық құқықтар

химия, нанотехнология және биология саласындағы пайдалы модельге 65 патент

230 оқушы жобаларды іске асыру үшін 72 миллион теңгеден астам сомаға ақшалай гранттар алды

card

7,0

2023-2024 оқу жылының түлектерінің 60% 7,0 және одан жоғары IELTS сертификаты бар

348 465

білім беру ұйымдарының педагогтары оқытылды

91,8 %

түлектер Қазақстанда және шетелде мемлекеттік және университеттік гранттардың иегерлері болып табылады, 80% - дан астамы техникалық, инженерлік, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылығы, экономикалық мамандықтарды таңдады

22

Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру қызметінің үздік ұлттық және халықаралық тәжірибелерін әзірлеу және енгізу үшін эксперименттік алаң ретінде жұмыс істейді

card

1299

1600-ден халықаралық SAT емтиханының орташа баллы

news

Астана Халықаралық мектебі IB World School мәртебесін растады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жүйесіне кіретін Астана Халықаралық мектебі (ISA) International Baccalaureate ұйымының бағалауынан сәтті өтіп, Primary Years Programme (PYP), Middle Years Programme (MYP) және Diploma Programme (DP) бағдарламалары бойынша аккредитациясын...

14 мамыр 2025

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Мектеп байланыстарын қалай білуге болады?

     Зияткерлік мектептер туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді.

  • NIS-ке қалай оқуға түсуге болады?

     Қабылдау туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді. 

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге дайындық курстары бар ма?

    1. 5-6-сыныптар оқушыларына арналған «Виртуалды мектеп» жобасы ұсынылады. «Виртуалды мектеп» платформасында жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқу материалдары мен тапсырмалары берілген.

    Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқушылар белгіленген уақыт шеңберінде оқу пәні мен тақырыпты таңдай алады.

    Виртуалды мектепте білім алу үшін https://vs.nis.edu.kz сайтында тіркелу қажет.

    2. ACADEMIA.kz платформасында «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» атты онлайн-курсы қолжетімді. Курс мазмұны конкурстық іріктеудің тест бөлімдері бойынша оқыту материалынан, жаттығулар мен тапсырмалардан тұрады. Қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді онлайн-курсты кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, оқуға болады.

  • Байқау тестілеуіне қалай тіркелуге болады? Байқау тестілеуі қалай өтеді? Байқау тестілеуінің нәтижелерін қайдан көруге болады?

    Байқау тестілеуіне қатысу үшін https://trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркеу порталында тіркеліп, орын брондау қажет. Әр байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондалады.

    Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі. Мектептердегі орын саны шектеулі болады. Тест нәтижелері байқау тестілеуі өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде онлайн тіркелу порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жүктеледі.

    Толық ақпарат https://trialtest.nis.edu.kz сайтында берілген.

  • Онлайн байқау тестілеуін қалай тапсырады?

     1.  App Store немесе Google Play маркетінен Beyim Synaq қосымшасын жүктейсіз.
     2. Қосымшада тіркеуден өтесіз.
     3. Тіркеуден соң, «Басты» қойындысындағы байқау тестілеу нұсқасын таңдап, тестілеуді бастайсыз. 

  • Мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары бар ма?

    Біліктілікті арттыру курстары бойынша ақпарат https://beyim.edu.kz сайтында қолжетімді.