banner

Жаңалықтар

Қазақ тілі олимпиадасында NIS оқушылары жүлделі орындарға ие болды

news

08 сәуір 2025

Орал қаласында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, бір алтын, бір күміс және үш қола медаль еншіледі.

Білім додасында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ева Дмитриева алтын медаль жеңіп алса, Түркістан қаласындағы NIS оқушысы Нигора Жұмадуллаева күміс медаль иеленді.

Ал қола медальді Орал, Қызылорда және Тараз қалаларындағы NIS оқушылары – Айша Байдат, Айя Сердалиева және Фатима Бакирова жеңіп алды.

Сондай-ақ республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Гаухар Абрахмановаға грамота табысталды.