
Жаңалықтар
Зияткерлер NIS қоржынын жаңа медальдармен толықтырды

14 желтоқсан 2023
Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары халықаралық олимпиадада 2 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль иеленді.
Алтын медаль иегерлері:
Әмір Нұриев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS
Күміс медаль иегерлері:
Еларыс Ертайұлы – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS
Әмірхан Айдархан – Тараздағы NIS
Әкежан Асқар – Cемейдегі NIS
Арман Қали – Павлодардағы NIS
Жасын Егнай – Павлодардағы NIS
Асанәли Серікбол – Павлодардағы NIS
Қола медаль иегерлері:
Нұрсұлтан Ерланұлы – Талдықорғандағы NIS
Әмір Әбділдин – Талдықорғандағы NIS
Әлихан Шерияздан – Павлодардағы NIS
Александр Ершов – Қостанай NIS
Азамат Жолжан – Ақтау NIS
Батыр Ерденов – Қарағандыдағы NIS
Айта кетейік, Еуразиялық олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен жыл сайын өтеді.