
Жаңалықтар
NIS ұстаздарының авторлық бағдарламалары республикалық байқауда үздік деп танылды

12 желтоқсан 2023
Алматыда «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері анықталды. Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтерінің қоржыны жаңа марапаттармен толықты.
I орын
Нұржан Байбуров – Өскемендегі Зияткерлік мектептің география пәні мұғалім-сарапшысы – «Геоақпараттық жүйелер арқылы географиялық деректерді модельдеу» авторлық бағдарламасы
Сергей Кошкин – Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалім-сарапшысы – «Развитие исследовательских навыков учащихся через решение нестандартных экспериментальных задач с использованием инструментов дизайн-мышления» авторлық бағдарламасы
Наталья Устинова – Петропавлдағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалім-модераторы – «Математика +. Решение развивающих задач» авторлық бағдарламасы
II орын
Мират Оспанов – Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалім-сарапшысы – «Развитие навыков экспериментального анализа и обработки данных при решении физических задач» авторлық бағдарламасы
Замзагүл Тажғалиева – Оралдағы Зияткерлік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім-сарапшысы – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға даярлық» (Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау әдістемесі негізінде) авторлық бағдарламасы
Борис Зеленов – Костанайдағы Зияткерлік мектептің информатика пәні мұғалім-зерттеушісі – «Развитие навыков программирования при решении финансовых задач» авторлық бағдарламасы
III орын
Дулат Тұрарбеков – Астанадағы Зияткерлік мектептің (IB) тарих пәні мұғалім-сарапшысы – «Зерттеу дизайны» авторлық бағдарламасы.