
Жаңалықтар
Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық байқауда NIS-тің үш өкілі марапатталды

09 наурыз 2023
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш өкілі Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық байқауда түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды. NIS IB оқушысы Жанель Мамырбек «қолданбалы математика» секциясында бірінші орынды жеңіп алды. Ал математика секциясы бойынша Қызылордағы Зияткерлік мектептен Жанайым Сәлімжанқызы қола еншілесе, Дайана Хегай грамотамен марапатталды.
Жас ғалымдардың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика пәндері бойынша көктемгі ғылыми жобалар байқауында бас қосуының символдық мәні бар.