banner

Жаңалықтар

Наурыз кездесулері – 2023: баспасөз орталығы өз жұмысын бастайды

news

14 наурыз 2023

Бүгін Астанада «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулерінің баспасөз орталығы өз жұмысын бастады, орталық телеарналар, республикалық газеттер мен порталдар журналистерін аккредиттеу жүріп жатыр.


Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттарын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналады.