banner

Жаңалықтар

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

news

15 қыркүйек 2025

Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Жұлдыз Турганалина тағайындалды.

Жұлдыз Сапарқызы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде экономист-менеджер мамандығын меңгерді. 2020 жылы Назарбаев Университетінде білім беру менеджменті бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1996 жылы Арқалық қаласындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2000–2014 жылдары елордадағы «Астана Профсервис» оқу орталығын басқарды. 2017 жылдан бері Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет атқарып, ағылшын тілі мен экономика пәндерінің мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды.

Жалпы педагогикалық тәжірибесі – 22 жыл, оның ішінде 8 жылдан бері NIS жүйесінде қызмет етіп келеді.

Жұлдыз Турганалина білім беру бағдарламаларын әзірлеу, критериалды бағалау жүйесін енгізу және элективті курстар дайындау бағытында белсенді еңбек етіп келеді. Ол – халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми мақалалардың авторы, педагогтердің кәсіби дамуы бойынша тренер, сондай-ақ халықаралық аккредиттеу бағалаушысы (CIS Evaluator).

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.