banner

Жаңалықтар

Ақтаулық жас өнертапқыштар Қытайдағы инновациялық байқауда екінші орын иеленді

news

06 желтоқсан 2024

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мадина Абдула достары Асылжан Абдуллаев және Дархан Ашыраппен бірге Zhongguancun World Competition 2024 халықаралық инновациялық жобалар байқауында жүлделі екінші орынды иеленді.

\n

Беделді байқау Қытайдың «Кремний алқабы» деп танылған, Бейжіңнің технологиялық орталығы Чжунгуаньцуньда өтті. Конкурсқа әлемнің 30 елінен 1500-ден астам жоба ұсынылды.

\n

«Q-Agro» жобасы – мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған технологиялық экожүйе. Бұл өнертабыс дрондардың көмегімен мал басын бақылауға, жайылымдардың жағдайын қадағалауға және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Стартаптың негізгі идеясы – ауыл шаруашылығы процестерін басқаруды жақсарту үшін цифрлық технологияларды пайдалану.

\n

– Біздің басты мақсатымыз – елдің ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу арқылы отандық экономиканың дамуына елеулі үлес қосу, – дейді Мадина.

\n

Команда бірнеше сынақтардан сәтті өтіп, жобаны кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы компанияларымен бірлесе жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

\n

Бұған дейін оқушылар Future Engineers Incubator және Caspian Startup 2024 байқауларында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын иеленген болатын.