banner

Жаңалықтар

2026 жылы NIS-ке түсушілерге арналған Байқау тестіне тіркеу ашылды!

news

28 қазан 2025

Тіркеу және орын брондау https://trialtest.nis.edu.kz сайтында жүреді.

Байқау тесті барлық NIS мектептерінде кестеге сәйкес жүргізіледі.

Байқау тесті балаңызға не береді?

- Дайындықтың қазіргі кезеңіндегі білім деңгейін анықтайды. Байқау тестілері NIS сарапшылары тарапынан тек өтілген тақырыптар бойынша құрастырылады. Байқау тестінен өткен әрбір оқушы жеке кері байланыс алады: әрбір пән бойынша тестілеуде қате жіберген тақырыптар тізімі, сонымен қатар НЗМ-ға түсуге дайындық бойынша ұсынымдар беріледі. Бұл білімдегі олқылықтың орнын толтырып, нәтижені арттыруға мүмкіндік береді.

- Тапсырмалар форматымен және конкурстық іріктеу рәсімдерімен таныстық. Байқау тесті 2026 жылдың наурыз айында конкурстық іріктеудің өзі өтетін кабинеттер мен жағдайда өтеді, демек бала қорытынды тестілеуде қобалжымай, сенімділікті сезінеді. Себебі үйреншікті ортаға келіп, NIS-те тест тапсыру тәжірибесіне ие болады.

Бір байқау тестіне қатысу құны – 18 000 теңге. Нәтижелері бар Жеке есеп тест тапсырғаннан кейін 4-ші жұмыс күні Жеке кабинетке жүктеледі.

Тіркеу, төлем жасау, тестілеуден өту бойынша сұрақтармен ата-аналардың +7 775 63 72 366 нөмірі бойынша қоңырау шалуына немесе жазуына (WhatsApp) болады (жұмыс күндері, сағат 9:00 мен 18:00 аралығында).