banner

Конкурстық іріктеу нәтижелері

  • /
  • Архив /
  • 2022-2023 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің тест нәтижелері

2022-2023 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің тест нәтижелері

 Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!


2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өткізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеу тестілерінің нәтижелерімен осы бетте танысуыңызға болады.


1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілеттерін бағалау тесті.


1. «Математика» бөлімі – 400 балл;


2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;


3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.


2-күн. Тілдік тест.


1. Қазақ тілі – 200 балл;


2. Орыс тілі – 200 балл;


3. Ағылшын тілі – 200 балл.


Тестілеу нәтижелері Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтында (Cito) талданады. Үміткерлердің жауаптары арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, статистикалық және психометриялық талдау арқылы өңделеді. Бұл тәсіл барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады. Ол тестілеу нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз ететіндіктен, апелляция өткізілмейді.


7 сыныптарда оқу үшін үміткерлерге өткізілген конкурс нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.


 Тестілеу қорытындысы бойынша:


- «Математика» бөлімінен ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын (140 балл) және одан жоғары;


- «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын (120 балл) және одан жоғары жинаған үміткерлердің материалдары


«Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі..


«Ескерту» бағанындағы «жіберілді», «жіберілмеді» сөздері үміткердің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілу деңгейін анықтайды.


Республикалық комиссия тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1500) жинаған үміткерлерге нақты мектептер шеңберінде бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды.


Тестілеу нәтижесі бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математикадан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.


Математика бойынша балл саны тең болған жағдайда, сандық сипаттамалардан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі;


«Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.


«Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша балл саны тең болған жағдайда құжат тапсыру кезінде көрсеткен оқыту тілінен (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.


 НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕКІ ФОРМАТТА КӨРУГЕ БОЛАДЫ:


1. Жеке нәтижелерді көру


2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру


Конкурстық іріктеу нәтижелерін көруге арналған  БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚ


 1.  Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. ТСК үміткердің конкурстық іріктеудегі рұқсат қағазында көрсетілген.


Жеке нәтижелерді көру


 2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында оқу жылын, түсу мектебі мен оқыту тілін таңдау қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.      


Тізімнің бірінші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.


Тізімнің екініші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілмеген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.


 


 


Назарбаев Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларының


мекен-жайы мен байланыс телефондары


ТСК бойынша ақпарат алу қажеттілігі (рұқсат қағазын жоғалту және т.б.) туындаса, төменде берілген кестеге сәйкес Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет:


Мектеп

Мекенжай

Телефон

1

 Нұр-Сұлтан қ. ФМБ НЗМ

 Хусейн бен Талал к., 21-ғимарат

 8 (7172) 57-57-89

2

 Нұр-Сұлтан қ. НЗМ

 Хусейн бен Талал к., 19-ғимарат

 8 (7172) 55-80-33

3

 Алматы қ. ФМБ НЗМ

 Горный Гигант ы.а., Жамақаев к., 145

 8 (727) 331-01-04

4

 Алматы қ. ХББ НЗМ

 Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев к., 2

 8 (727) 338-33-00

5

 Ақтау қ. ХББ НЗМ

 33-ықшам аудан, 16-ғимарат

 8 (7292) 70-10-66, 70-10-61

6

 Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ

 Астана ауданы, Мәңгілік Ел к.,  8-ші құрылым

 8 (7132) 41-17-37

7

 Атырау қ. ХББ НЗМ

 Нұрсая ықшам ауданы, 11 к., 22-ші ғимарат

 8 (7122) 55-85-55

8

 Қарағанды қ. ХББ НЗМ

 Шахтерлер даңғылы, 62

 8 (7212) 50-78-55

9

 Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

 Ж. Тлеулин к., 59

 8 (7162) 25-31-40

10

 Қостанай қ. ФМБ НЗМ

 Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239

 8 (7142) 39-06-70

11

 Қызылорда қ. ХББ НЗМ

 Сұлтан Бейбарыс к., 6

 8 7242 40-23-75

12

 Павлодар қ. ХББ НЗМ

 Ткачев к., 16/2

 8 (7182) 66-34-10

13

 Петропавл қ. ХББ НЗМ

 И.Ибраев к., 22А

 8 (7152) 55-97-28

14

 Семей қ. ФМБ НЗМ

 Қарағайлы ықшам ауданы, 1

 8 (7222) 63-63-50

15

 Өскемен қ. ХББ НЗМ

 Қ. Сәтпаев даңғылы, 53

 8 (7232) 71-27-15

16

 Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

 Қаратал ықшам ауданы, 47

 8 (7282) 40-00-69

17

 Тараз қ. ФМБ НЗМ

 Арай массиві, Домалақ ана к., 266

 8 (7262) 99-98-56

18

 Түркістан қ. ХББ НЗМ

Іскер әкімшілік орталығы, НЗМ құрылымы

 8 702 0663377

19

 Орал қ. ХББ НЗМ

 Московская к., 16

 8 (7112)24-65-12

20

 Шымкент қ. ФМБ НЗМ

 Ақжайық ықшам ауданы,  Элитный қалашығы, 6-ғимарат

 8 (7252) 29-44-88

21

 Шымкент қ. ХББ НЗМ

 Нұрсәт ықшам ауданы, 1А

 8 (7252) 77-55-34