
Конкурстық іріктеу нәтижелері
- /
- Архив /
- «Өркен» білім беру гранты
«Өркен» білім беру гранты
2022 жылғы 12 мамыр күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен 2021-2022 оқу жылынан бастап Алматы, Көкшетау, Талдықорған, Тараз қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы және Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында және Түркістан қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8, 9 сыныптарында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.
Жоғарыда аталған Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде:
- 21 оқушы 7-сыныптарда білім алу үшін;
- 3 оқушы Түркістан қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8,9 сыныптарында білім алу үшін «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды.
1. 7 сыныпта білім алуға үміткердің жеке статусын көру үшін https:/res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
2. 7 сыныптарда білім алуға барлық үміткерлердің статустарын көру үшін https:/res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басып оқу жылын, мектебін, параллельді, оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдауы қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.
Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген.
Тізімнің екінші бөлігінде резервке енгізілген үміткерлердің кезегі ұсынылған.
3.Түркістан қ. ХББ НЗМ 7 сыныптарда білім алуға барлық үміткерлердің статустарын көру үшін https:/res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басу қажет.
4.Түркістан қ. ХББ НЗМ 8 сыныптарда білім алуға барлық үміткерлердің статустарын көру үшін https:/res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басу қажет.
5. Түркістан қ. ХББ НЗМ 9 сыныптарда білім алуға барлық үміткерлердің статустарын көру үшін https:/res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басу қажет.