Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрама командасы төмендегі жетістіктерді көрсетті:

  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды;
  • 2021 жылы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасынан ең көп жүлде саны бойынша рейтингте 1 орын;
  • Жаратылыстану-математикалық пәндер бағытында Президенттік олимпиада қорытындысы бойынша ең көп жүлделер санымен рейтингте 1 орын.

 

Қажымұрат Ақназар, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (ФМБ) 2019 жылғы түлегі. Қажымұрат Ақназар Гарвард университетіне грант негізінде математика мамандығына оқуға түсіп, академиялық және ғылыми жұмыстардың барлық негізгі көрсеткіштерінен бірегей рекорд орнатты: бірнеше мәрте математика, физика, география пәндерінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, беделді шетелдік университеттердің кітапханаларында сақталған импакт-факторы жоғары 6 ғылыми жарияланымның авторы.

 

Жыл сайын беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына кіретін Зияткерлік мектеп оқушыларының саны артып келеді:

  • Математика, физика, информатика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы;
  • "Жібек жолы" Халықаралық математикалық олимпиадасы;
  • Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы;
  • Физика пәнінен Азия олимпиадасы (APhO);
  • Химия пәні нен оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы;
  • Физика пәнінен халықаралық олимпиада (IPhO);
  • "Туймаада" оқушылардың халықаралық олимпиадасы;
  • Қыздар арасындағы Еуропалық математикалық олимпиадасы (EGMO);
  • Математикадан халықаралық олимпиада (IMO);
  • Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO);
  • Химия пәнінен Халықаралық олимпиада (IChO);
  • Информатика пәнінен халықаралық олимпиада (IOI);
  • IOL лингвистика пәнінен халықаралық олимпиада.

Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (ХБН) оқушылары Рустам Валеев пен Тазабек Еркебұлан 2021 жылы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықаралық географиялық олимпиадада (IGeo) алтын және күміс медальдарымен марапатталды.

 

2022 жылы жас дарындарымыз ұлттық құрама қатарында халықаралық олимпиадаларда 1 алтын, 7 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

 

Олардың ішінде:

  • географиядан 19-шы халықаралық олимпиадасында (IGeO) - Хамитов Санжар, Ақтөбе қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (алтын), Тазабек Еркебұлан Шымкент қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі (қола);
  • математикадан 63-ші халықаралық олимпиадасында (IMO) - Таир Сатубалдин Алматы қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс);
  • биологиядан 33-ші халықаралық олимпиадасында (IBO) - Жумагалеев Алихан Алматы қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс) және Темирбеков Ерасыл Өскемен қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс);
  • физикадан 53-ші халықаралық олимпиадасында (IPhO) - Пітебай Ерсултан Алматы қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс);
  • химиядан 54-ші халықаралық олимпиадасында (IChO) - Бисенәли Санжар Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс) және Нурланова Альмира Павлодар қаласындағы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс);
  • лингвистикадан халықаралық олимпиадасында (IOL) - Давлетова Аида Нұр-Султан қаласындағы Нұр-Сұлтан IB мектебі (қола);
  • информатикадан 34-ші халықаралық олимпиадасында (IOI) - Сахмолдин Мухаммадариф Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі (күміс).

Жумагелеев Алихан

Темирбеков Ерасыл

Сатубалдин Таир

Хамитов Санжар

Тазабек Еркебулан

Пітебай Ерсултан

Нурланова Альмира

Давлетова Аида

Сахмолдин Мухаммадариф

Бисенәли Санжар

190 қатысушының ішінде жалпы білім беретін пәндер бағытында республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2022- гран-при»: 30 алтын, 45 күміс, 54 қола медаль (129 жүлде)


НЗМ Алматы командасы 2022 жылғы жалпы білім беретін пәндер бағытында республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 орынға ие болды