Библиосумерки

«Кітапхана ақшамы» - мектеп оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, кітап оқуды насихаттауға бағытталған акция. Акцияға барлық оқырмандар қатыса алады және кешкі мезгілде өтеді. Іс-шара аясында кітапхана іші түрлі шығармашылық алаңға айналады. Арнайы кітап желісімен киінген кейіпкер қойылым қойып, кино көрсетіліп, бір бөлігінде түрлі музыкалық құралдармен ән салса, сонымен бірге интеллектуалды ойындар тағы басқа қызықты, креативті шаралар өтеді.