Оқыту онлайн-курсы

«Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн-курсы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы ACADEMIA.kz Педагогикалық шеберліктің виртуалды лабораториясымен бірлесе отырып, «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн-курсын жүзеге асырады. 

Онлайн-курс Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қосымша дайындалу мүмкіндігін ұсыну мақсатында әзірленді. Курс мазмұны конкурстық іріктеудің «Математика», «Сандық сипаттамалар», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» тест бөлімдері бойынша оқыту материалынан, жаттығулар мен тапсырмалардан тұрады. Оқыту материалдарынан бөлек курс мазмұны конкурстық іріктеу форматы мен шарттарын, конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдауға қойылатын талаптарды, дайындалуға қатысты ұсыныстар мен пайдалы кеңестерді қамтиды.

Онлайн-курс оқытудың тиімділігін арттыруға, Зияткерлік мектепке түсу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. 

Онлайн-курс www.academia.kz сайтында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Курс қатысушылары оны кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, тыңдай алады. Онлайн-курстың бағасы – 15 000 теңге. Курс төлемақысын төлеу банк картасы арқылы жүзеге асырылады. Транзакция қауіпсіздігі Epay Halyk Bank электрондық төлем жүйесімен кепілдендіріледі.