Байқау тесті

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін (бұдан әрі – байқау тестілеуі) өткізетінін хабарлайды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте өткізілетін байқау тестілеуі компьютерлік форматта жүргізіледі. Әр мектеп бойынша шектеулі орын саны бөлінеді. Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.