banner

Жаңалықтар

Зияткерлік мектеп оқушысы EGMO-2024 байқауының күміс жүлдесіне ие болды

news

18 сәуір 2024

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Амира Кенбаева қыздар арасындағы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) күміс медаль жеңіп алды.


Биыл олимпиада Грузияның Цхалтубо қаласында өтті. Оған әлемнің 54 елінен 200-ден аса оқушы қатысты.


Еске салайық, Амира былтыр EGMO-2023 турнирінде қола жүлдеге ие болған еді. Сондай-ақ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері.


Қыздар арасындағы Еуропалық математикалық олимпиада – қарапайым мектеп бағдарламасына емес, математикаға қызығушылығы бар жоғары сынып оқушылары үшін өткізілетін әлемдегі ең беделді білім бәйгесінің бірі.


Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алып, 10-орынға табан тіреді.