
Жаңалықтар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды

05 сәуір 2022
Алғаш рет олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін мүдделі емес үшінші тұлға ретінде – «Adaldyq alany» кеңсесінің қызметкерлері шақырылды.
Қазылар алқасының құрамында Зияткерлік мектептердің мұғалімдері, отандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, сондай – ақ NIS түлектері - халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері, соның ішінде Рустам Валеев пен Георгий Пак бар.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ең үздік деп физика-математикалық бағытындағы Алматы мектебі және Павлодар қаласының NIS-і, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Алматы физика – математикалық мектебі, Қарағанды, Ақтау және Орал NIS-тері аталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы толық ақпарат
құжатқа сілтеме