banner

Жаңалықтар

Оқушылар өз мүмкіндіктерінен асып түсуде

news

26 желтоқсан 2022

Елордадағы халықаралық бакалавриат мектебінде волейболдан ер балалар арасындағы NIS желілік спартакиада қатысушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов құттықтады.


Чемпиондық атақ үшін Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Павлодар, Тараз және Астана қалаларының 130 жас спортшысы бақ сынайды.


Тартысты ойын барысында ақтөбелік волейболшылар Өскемен құрамасын жеңіп шықты. Ақтөбе командасының капитаны Әлібек Тұранбаев құраманың финалдық жарысқа үлкен дайындықпен келгенін және табысқа жететініне сенетінін мойындады.


Ойынның көркін қыздырған комментаторлар да көптің көңілінен шықты.


– Оқушылар үлкен спорт стандарттарына сай өнер көрсетіп, өздерінің мүмкіндіктерінен асып түсуде. Себебі бұл – финал, атақ үшін күрес, – деп бөлісті комментатор және дене шынықтыру пәні мұғалімі Санжар Қабаев.


Бірінші күннің қорытындысы бойынша Ақтөбе мен елордадағы физика-математика бағытындағы NIS командаларының қоржынында екі жеңістен болса, Өскемен, Қызылорда, астаналық халықаралық бакалавриат және Таразда – бір жеңіс, ал Атырау және Павлодар құрамалары қарсыластарына есе жіберді.