banner

Жаңалықтар

NIS жасөспірімдер олимпиадасында үздік команда деп танылды

news

23 мамыр 2024

Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 314 оқушы қатысты.


Білім бәйгесінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Ең үздік олимпиадалық команда – 2024» номинациясында бас жүлдені еншіледі.


NIS оқушылары 2 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлдеге ие болды.