banner

Жаңалықтар

NIS-те жаңа тағайындаулар

news

17 ақпан 2025

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының шешімімен Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры қызметіне Жаңбыржан Бекболатов тағайындалды, ал Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары қызметіне Әсел Бейсембинова кірісті.

Жаңбыржан Бекболатов – тәжірибелі басқарушы, білікті педагог. Бұған дейін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарды. NIS жүйесінде бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, оның ішінде Астана халықаралық мектебінде директордың орынбасары, сондай-ақ NIS-тің білім саясаты және бағдарламалар департаментінің менеджері болды.

Әсел Бейсембинова – педагогикалық қызметтің барлық қыр-сырын білетін басшы. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап директордың орынбасары және 2022 жылдан бастап Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те мектеп басшысы қызметтерін абыройлы атқарды. Енді өз қызметін Білім беру бағдарламалары орталығында жалғастырады.

Фотогалерея

image-
image-
image-