banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары XVII Еуразиялық информатика олимпиадасының жүлдегерлері атанды

news

18 желтоқсан 2025

Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен XVII Еуразиялық информатика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Байқауға Орталық Азия елдерінен ең үздік жас бағдарламашылар жиналды. Олимпиаданың финалдық кезеңі 15–16 желтоқсан күндері өтті.

Сайыстың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 72 команда құрамындағы 216 оқушы қатысты. Бұл көрсеткіш жарыстың халықаралық мәртебесі мен жоғары деңгейін айқын дәлелдеді.

Олимпиада оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтауға бағытталған.

Білім додасына Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 31 оқушы қатысып, олардың 29-ы жүлдегер атанды. Бұл оқушылардың жоғары дайындық деңгейі мен тұрақты нәтижелерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша NIS оқушылары 4 алтын, 6 күміс және 19 қола медаль жеңіп алды.

I орын:

Азамат Жолжан – NIS Ақтау

Батыр Ерденов – NIS Қарағанды

Акежан Аскар – NIS Семей

Улугбек Османов – NIS Тараз

II орын:

Фархад Шариф – NIS Алматы-Медеу

Даурен Жунусов – NIS Алматы-Медеу

Санжар Ержанов – NIS Алматы-Медеу

Александр Ершов – NIS Қостанай

Хаким Даненов – NIS Қостанай

Игорь Сапрыкин – NIS Қостанай

III орын:

Улан Нурланов – NIS Ақтөбе

Жафар Мажитов – NIS Ақтөбе

Сұлтанби Асланұлы – NIS Ақтөбе

Полина Шульгина – NIS Астана

Ансар Мангиликов – NIS Павлодар

Абдуррахим Тулегенов – NIS Павлодар

Жанторе Куленбай – NIS Павлодар

Асанали Серикбек – NIS Павлодар

Арман Қали – NIS Павлодар

Мансұр Тлеубай – NIS Павлодар

Алихан Шерияздан – NIS Павлодар

Арман Баймагамбет – NIS Павлодар

Арнұр Нұргазин – NIS Семей

Эмин Акбатыров – NIS Талдықорған

Нұрислам Құрманқұл – NIS Талдықорған

Ерасыл Жасуланов – NIS Талдықорған

Абдумажит Наметов – NIS Талдықорған

Ислам Ратляұлы – NIS Тараз

Кайсар Амангелдиев – NIS Тараз

Оқушылардың жоғары нәтижелері олимпиадалық қозғалысты жүйелі дамыту, информатика бағыты бойынша тиімді даярлық және Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтерінің кәсібилігінің айқын дәлелі болды.