banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары халықаралық химия олимпиадасынан екі күміс пен бір қола жүлде иеленді

news

03 қараша 2025

Жезқазғанда 9–11-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы олимпиада өтті. Байқауға Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген шамамен 100 оқушы қатысып, теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS оқушысы Әбілмансұр Қали және Оралдағы NIS оқушысы Әлихан Гайнулла күміс медаль иегерлері атанса, Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS оқушысы Мақсат Нұрлан қола жүлде еншіледі.

Зияткерлік мектептердің оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы олимпиадада жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп, химия саласындағы білім мен дайындықтарының жоғары деңгейін дәлелдеп келеді.

Айта кетерлігі, биыл олимпиада алғаш рет халықаралық форматта ұйымдастырылды.