
Жаңалықтар
NIS оқушылары республикалық олимпиадада жүлдеге ие болды

11 сәуір 2025
Қарағанды қаласындағы Бөкетов атындағы университетте орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Білім сайысына еліміздің әр өңірінен 173 жоғары сынып оқушысы қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері бұл байқауда 1 күміс және 4 қола медальмен марапатталды.
Күміс жүлдені Павлодар қаласындағы NIS оқушысы Абылайхан Амангулов иеленсе, қола медаль еншілеген оқушылар қатарында Ақтау дағы NIS оқушысы Қарақат Нұрмұхамет, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тен Назерке Токбергенова, Петропавлдағы NIS-тен Сабина Ибраева және Қостанайдағы NIS оқушысы Тамирис Ибраева бар.