banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары информатикадан XVI Еуразиялық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

news

17 желтоқсан 2024

Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында информатика пәнінен өткен XVI Еуразиялық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Білім сайысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 230-дан астам оқушы өзара бақ сынады. Олимпиадаға Орталық Азияның 77 командасының қатысуы аймақ жастарының ақпараттық технологиялар саласына деген ерекше қызығушылығының жоғары екенін айқын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша NIS қоржынына 1 алтын, 12 күміс және 12 қола медаль түсті.

Екі күндік байқауда қатысушылардың бағдарламалау, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ алынған білімдерін нақты мәселелерді шешуге қолдануға баса назар аударылды.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU).

Алтын медаль иегері:

Әкежан Асқар – Семейдегі NIS

Күміс медаль иегерлері:

Жасын Егнай – Павлодардағы NIS

Арман Қали – Павлодардағы NIS

Асанали Серібек – Павлодардағы NIS

Алихан Шерияздан – Павлодардағы NIS

Дамир Нұрланов – Актаудағы NIS

Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Джафар Мажитов – Ақтөбедегі NIS

Сұлтанби Асланұлы – Ақтөбедегі NIS

Ахан Нәби – Ақтөбедегі NIS

Александр Ершов – Қостанайдағы NIS

Батыр Ерденов – Қарағандыдағы NIS

Азамат Жолжан – Ақтаудағы NIS

Қола медаль иегерлері:

Сағын Жұмаділдаев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Еларыс Ертайұлы – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Әмірхан Айдархан – Тараздағы NIS

Шархад Шариф – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Улугбек Османов – Тараздағы NIS

Арнұр Нұрғазин – Cемейдегі NIS

Ерқанат Төлеубеков – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Данияр Садвакасов – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Әбдіманап Ермахан – Тараздағы NIS

Қайсар Амангелдиев – Тараздағы NIS

Ислам Ратляұлы – Тараздағы NIS