banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Еуропадағы олимпиадада 6 медаль олжалады

news

04 шілде 2025

Литваның Вильнюс қаласында география пәнінен Еуропалық олимпиада (EGeO) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында бақ сынаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары білім сайысында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Күміс жүлдегерлер:

Андрей Енбахтов – Қостанайдағы NIS оқушысы

Ақжол Болат – Талдықорғандағы NIS оқушысы

Қола жүлдегерлер:

Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбедегі NIS оқушысы

Мансұр Тұрсынғалиев – Павлодардағы NIS оқушысы

Рамиль Имашев – Талдықорғандағы NIS оқушысы

Микаэль Почукаев – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS оқушысы

Айта кетейік, European Geography Olympiad 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада оқушылардың география және қоршаған ортаға қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлауын дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы кәсіби және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тапсырма, мультимедиялық тест және далалық тур. Барлық кезең ағылшын тілінде өтеді.