banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиадада қола еншіледі

news

27 тамыз 2024

Астрофизика және астрономиядан Халықаралық олимпиадада Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай және Дамир Аленов қола медаль иеленді.

\n

International Olympiad on Astronomy and Astrophysics (IOAA) білім алушылардың астрономия мен астрофизикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

\n

Биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ұйымдастырылған білім сайысына 53 елден 250-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.\nАйта кетейік, былтыр да беделді байқаудың күміс және қола жүлдесі Ахмаджон Табаров пен Бекасыл Елубайға бұйырған болатын.