banner

Жаңалықтар

Наурыз кездесулерінің баспасөз орталығы өз жұмысын бастайды

news

10 наурыз 2022

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жылдың басты оқиғасы саналатын Наурыз кездесулерінің баспасөз орталығы ресми түрде жұмысын бастайды.


NIS-тің Наурыз кездесулері – көктемнің алғашқы айында оқушылар асыға күтетін дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы. Биылғы жылы кездесулер заманауи әрі ең өзекті трендтерінің бірі – «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбына арналады.


Наурыз кездесулері кестесіне «Менің өмірімдегі жасанды интеллект» атты ауқымды челлендж, адамзат пен машинаның болашағы туралы вебинарлар, сондай-ақ жас робототехниктер, инженерлер мен ғалымдар үшін сұранысқа ие тақырыптарды қамтитын 6 шеберлік сағат енгізілді.


Наурыз кездесулерінде еліміздің басты телеарналары, республикалық газеттерімен қатар, барлық өңірлік БАҚ аккредиттеледі деп жоспарлануда.