banner

Жаңалықтар

Код сағаты 4 желтоқсанда соғады

news

01 желтоқсан 2022

Дәстүрлі бағдарламалау апталығы 4-11 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарлануда


4 желтоқсанда Код сағаты қайтадан соғылады. Бүкіл әлемде бүгінгі күннің ең өзекті басымдықтарының бірі – бағдарламалауға арналған дәстүрлі акция бастау алады.


Код сағаты – 180 елден бірнеше миллион студент пен оқушыны қамтитын жаһандық қозғалыс, деп хабарлайды hourofcode.kz сайты.



  • Сағаттың миссиясы – бағдарламалауға және жалпы нақты ғылымдарға қызығушылықты дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру және STEM-ге баулу, – деп атап өтті Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп түлегі, Назарбаев Университетінің студенті, акция ұйымдастырушыларының бірі Даниил Филимонов.


Биылғы жылы Код сағаты барлық өңір мектептерінде 4-11 желтоқсан аралығында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтеді. Ұйымдастырушысы – StudyCS, олар 2015 жылдан бастап жүздеген студент мен мектеп оқушысына арналған бағдарламалау жобаларын ашты. Ауқымды форматтағы қалалық іс-шаралар Астана мен Алматыда жоспарлануда.


Код сағаты туралы толық мәліметтерді келесі сілтемелер бойынша алуға болады:



  • hourofcode.kz

  • instagram.com/studycs.kz


Жобаға қосылу немесе қосымша сұрақтар үшін: hello@studycs.kz


Волонтерлерге арналған жеделхат арнасына кіру үшін QR-кодты сканерлеңіз.