
Жаңалықтар
JasREPUBLIC CUP ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

21 қазан 2024
Бүгін Астанада бірінші JasREPUBLIC CUP ұлттық пікірсайыс турнирі аяқталды. «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында өткен республикалық турнирде аймақтық байқаулардан іріктелген үздік 40 команда өзара бақ сынады.
\nҰлттық пікірсайыс турнирін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «ÖzgerTeam» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Respublica» партиясының қолдауымен ұйымдастырды.
\nШараның жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Тәрбие жұмысы департаментінің директоры Гүлдана Сәдуақасова және «ÖzgerTeam» қоғамдық қорының төрағасы Мұрат Жұманбай қатысты.
\nJasREPUBLIC CUP ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
\nҚазақ лигасы
\nI орын – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Асанәлі Болат, Әмірхан Қайрбеков және Нұрхан Мұқанов («Just 3 of us» фракциясы)
\nII орын – Семейдегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы оқушылары Айсұлу Қайратқызы, Аяла Ролланова, Ұлжан Төлеуғазы («Shyraq» фракциясы)
\nIII орын – Екібастұз қаласындағы 36 лицей-мектебінің оқушылары Наргиз Шалбаева, Арайлым Ерлан, Айлин Шалбаева («Жарық жұлдыз» фракциясы)
\nОрыс лигасы
\nI орын – Астана қаласындағы №5 гимназия оқушылары София Шульгина, Әмір Қайыргелді және Кристина Савчук («Азимут» фракциясы)
\nII орын – Алматыдағы №51 мектеп-гимназия Ажар Сеитова, Мади Гилимхан және Анна Слепичева («Әділет» фракциясы)
\nIII орын – Қарағандыдағы Нұрмақов мектебінің оқушылары Аяжан Олжагелді, Ислам Жанат және Айдана Тілеуғабыл («Nurmakov B» фракциясы)
\nСондай-ақ турнирде Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Асанәлі Болат пен Семейдегі NIS-тен Аружан Мұздыбай «Үздік спикер» номинациясына ие болды.
\nАйта кетейік, байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы мен естелік сыйлықтар табысталды.