banner

Жаңалықтар

Географиядан еуропалық олимпиадада NIS оқушылары 5 медаль алды

news

30 маусым 2023

Сербияның Белград қаласында 7 күнге созылған Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) өз мәресіне жетті. Білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы 3 қола, 2 күміс және 1 алтын медаль жеңіп алды.


Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Санжар Хамитов үздіктер қатарынан табылып, алтын медаль еншіледі. NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Аида Давлетова мен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Қанат Серікбай күміс жүлдеге ие болды. Ал қола ақтөбелік зияткер Әлихан Қалмағамбетов пен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірті Арсен Сыдықовқа бұйырды. Байқауда 3 орын алғандар қатарында Дарын мектебінің шәкірті Жомарт Сабыр да бар.


Айта кетейік, география пәнінен өткен сайысқа барлығы 9 елден 98 оқушы қатысты. Жас географтар мектепішілік оқу-жаттығу жиындарына профессорлардан дәріс алып, халықаралық және рейтингтік олимпиадалардың күнделікті бақылау тапсырмалары бойынша күшейтілген даярлықтан өткен.