banner

Жаңалықтар

Білім берудегі шетелдік және қазақстандық сарапшылар пікір алмасты

news

27 сәуір 2023

«Жаныңыз жаңашылдыққа құмартып тұрса, ағартушылықтың шыңына шығасыз». NIS Педагогикалық шеберлік орталығының I Ұлттық конференциясының панелдік сессиясында профессор Күләш Шәмшидинова сабақты зерттеу әдісін енді ғана меңгерген ұстаздарға осындай кеңес берді.


Ойын форматында өткен панелдік сессияда ұстаздар шетелдік және отандық сарапшылармен өзара пікір алмасты.


Сондай-ақ Жапониядағы Ұлттық білім беру саясаты институтының аға зерттеушісі Тошиа Чичибу, Шотландиядағы білім беру саласының сарапшысы Роберт Дуглас Сим және Малайзиядағы мұғалімдерді даярлау институтының аға оқытушысы Хасна Абдулла «сабақ – оқушы – мұғалім» тұжырымдамасының басты басымдықтарына тоқталды.