banner

Жаңалықтар

Астанадағы NIS CIS аккредитациясынан қайта өтті және Халықаралық Бакалавриат мектебі мәртебесін растады

news

25 желтоқсан 2023

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеуінен өтті, сондай-ақ жоғары (DP) және негізгі (MYP) мектептер бағдарламалары бойынша Халықаралық Бакалавриат мектебі мәртебесін растады.


Бұл маңызды оқиға Зияткерлік мектептің жоғары стандарттарды ұстанып, әлемдік білім беру қауымдастығында бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.


Еске салсақ, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылы IB DP бағдарламасына, 2015 жылы IB MYP бағдарламасына авторизация алды. Ал 2016 жылы алғаш рет CIS аккредиттеуінен өтті.