banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушысы Альмира Нурланова MIT-дің оқу грантын иеленді

news

21 желтоқсан 2022

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Альмира Нурланова Массачусетс технологиялық институтында оқуға жолдама алды.


QS рейтингінде көш бастап тұрған MIT (АҚШ) – әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі.


2022 жылы Альмира химия пәні бойынша халықаралық IсhO олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.