banner

Жаңалықтар

Алға, Ерболат! Алға, Қазақстан!

news

15 желтоқсан 2022

NIS Педагогикалық орталығында үлкен қуаныш. Полиграфиялық кешеннің дизайнері Ерболат Әбдіғалымов следж-хоккейден әлем чемпионатының күміс медалімен Астанаға оралуда.


Ерболат өнер көрсеткен Ұлттық құрама Таиландта Жоғары лигаға жолдама алды. Бангкоктағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасының жеңісті ойыны ретінде пара-хоккей тарихында қалады.


Бірінші ойында Тайланд құрамасын 7:0 есебімен ұтқан хоккейшілеріміз француздармен шешуші матчта табыстарын 10:0 нәтижесімен нығайтты, австралиялықтармен өткен үшінші ойын да жеңіспен аяқталды – 9:2. Ұлттық құрама тек Ұлыбританиямен кездесу барысында есе жіберіп алды. Халықаралық Паралимпиада комитеті британдықтармен қатар Қазақстан құрамасы да Жоғары лигаға жолдама алуға лайық деп шешті.


Тай чемпионаты – жұлдызды команда өнер көрсеткен алғашқы әлемдік деңгейдегі жарыс, қазақстандық хоккейшілердің күмісі – ең жоғары сынама.


NIS Педагогикалық шеберлік орталығының дизайнері Ерболат Әбдіғалымов аты аңызға айналған 17 нөмірімен ойнайды, бұған дейін ресейлік мұз алаңдары – Сочидегі континент Кубогында және Омбыдағы Сібір Кубогында өнер көрсетті.