banner

Конкурстық іріктеу нәтижелері

«Өркен» білім беру гранты

2026 жылғы 5-ақпан күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2025-2026 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге бос орындарға Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде ДББҰ-ның Басқарма отырысы өткізілді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен (№57 хаттама) бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын өткізу ережесінің 47-тармағына сәйкес ДББҰ атына Алматы-Медеу, Атырау, Қызылорда және Павлодар НЗМ оқуға 5 үміткердің заңды өкілдерінен резервтік тізімдердегі орындардан бас тарту туралы өтініштер келіп түсті.

Жоғарыдағыны ескере отырып ДББҰ Басқарма отырысының нәтижесінде 12 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды.

«Өркен» білім беру гранты иегерлерінің заңды өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектебінен хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау туралы өтініш беріп, білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісім-шартқа қол қоюы қажет.

Грант иегерлерінің тізімі:

Резервке алынғандардың тізімі:

Жалпы резервтік тізім Жүктеу

Барлық мектептердің барлық үміткерлерінің бірыңғай сараланған резервтік тізімі бір оқу жылына жарамды (2025–2026 о.ж.)