
Құжаттар мен хабарландырулар
- /
- Хабарландыру /
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ буфетін үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруге конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ буфетін үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруге конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан «NIS Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы» ЖМ Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Хусейн Бен Талал к-сі 21/1, мекенжайы бойынша орналасқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ буфетінің үй-жайларын жабдықтармен және жиһаздармен мүліктік жалға беруге конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жалға берілетін үй-жайлардың жалпы ауданы 122,3 ш. м. құрайды.
Жалдау мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 11 (он бір) ай.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен бекітілген тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына сәйкес ҚҚС-сыз алғанда айына 72 000 (жетпіс екі мың) теңге 00 тиыннан кем болмауға тиіс.
11 (он бір) айлық жалдау ақысының жалпы құны ҚҚС-сыз алғанда, кемінде 792 000 (жеті жүз тоқсан екі мың) теңге 00 тиынды құрауы тиіс.
Әлеуетті жалға алушылар өтінімдерді 2025 жылғы 08 шілде сағат 10:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Хусейн Бен Талал көшесі 21/1, мекенжайы бойынша Астана қаласындағы "Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы" ЖМ кешенге қызмет көрсету бөліміне мөрленген конверттерде ұсынады. 1 қабат, 4 блок, каб. 109, тел. 23-57-74 (ішкі.2262).
Әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Хусейн Бен Талал көшесі 21/1, 2025 жылғы 08 шілде сағат 10:30 ғимарат мекенжайы бойынша өткізілетін болады.
Әлеуетті жалға алушылардың өкілдері өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысуға болады.